Қашықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша БЖБ мен ТЖБ жұмыстарын ұйымдастыруда, 9,11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындық барысында қолданылатын әдіс-тәсілдермен, құрастырылған тапсырмалар жиынтығымен, тіл үйретуде қолданылатын интенсивті әдістермен бөлісу мақсатында 2021 жылдың 29 сәуірі күні Нұр-Сұлтан қаласы №15 мектеп- лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» (оқыту қазақ тілінде емес мектептер үшін) атты іс-тәжірибе алмасу вебинары болып өтті.
Қазбекова Алмагүл Хамзеқызы «Қорытынды аттестаттауға дайындық барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында, Әубәкірова Гүлзипа Тілектесқызы «Қашықтық оқытуда БЖБ,ТЖБ жұмыстарын ұйымдастыру-дың тиімді әдістері» тақырыбында, Әбілқайырова Самал Егінбайқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қолданылатын интенсивті әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында қала мектептерінің пән мұғалімдерімен өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены