«Жас келсе, іске...» атты жас мамандар онкүндігі аясында кәсіби іс-шаралардан басқа қоғамдық жұмыстарды да жүзеге асырды. Атап айтатын болсақ, «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеленушілеріне бос уақыттарын тиімді пайдалануға арналған спорттық жабдықтарды сыйлап, балалардың көңіл күйлерін көтеріп, қуантып қайтты. Сонымен қатар, мектеп ауласында тазалық жұмыстарын да жүргізді. Онкүндік барысында жоспарланған іс-шаралар толық өткізілді. Жас ұстаздардың өз кәсібіне деген көзқарасын, құзіреттіліктері мен қызығушылығын арттырды. Жас мамандарға қолдау және көмек беру мақсатында ұйымдастырылған онкүндік өз мақсатына жетті.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены