«Жаратылыс-ғажайыптар әлемінде» атты биология, химия, география, экология онкүндігінің аясында 9- сыныптар арасында химия пәні мұғалімі Ногурбекова Ж.Б. «Ғаламдық экологиялық проблемалар» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты оқушылардың ғаламдық экологиялық проблемаларға назарын аудару, экологиялық мәдениеттілікке, табиғи ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру болды. «Ғаламдық экологиялық проблемалар» іс-шарасы 4 кезеңнен тұрды. Іс-шара барысында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында логикалық ойындар мен қазақша, орысша және ағылшынша жауапты қажет ететін тапсырмалар берілді. Қорытындысында топ мүшелері 1 және 2 орынды иеленді.



Автор: b1437skobilim
Добавлено: 23.04.2021 в 11:32