«Оқымасаң ой тоқырайды» деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен, өмірі қараңғы болатынын дәлелдейді. Кітап – адам өмірінің шамшырағы. Ол – тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы болып табылады.
Кітап оқу – адамның зердесін ашады, санасын сәулелендіреді, көкірегін оятады. 2 сәуір – «Халықаралық балалар кітаптарының күні» және 28 сәуір – «Дүниежүзілік кітап күніне» орай, сәуірдің 23-і күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Рысбекова Сәулеш Мырзахметқызы мен Ускенбаева Гүлжан Алтынбекқызының ұйымдастыруымен 5,6, 8-сынып оқушылары арасында «Кітап- FEST» онлайн-байқауы болып өтті.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында көркем әдебиет оқуды насихаттау, оқушылардың шығармашылық, өз ойын ортада еркін жеткізе білу қабілетін арттыру, әдеби тіл байлығын дамыту.
Байқау талаптары – оқушылар оқыған кітаптарының тақырыбы, идеясы, оқиғалар желісі, кейіпкерлер жүйесі жайлы баяндайды.
Байқауға 8-сынып оқушылары Мұратхан Арайлым, Темірбай Айдана, 6-сынып оқушылары Аманболатова Мөлдір, Бекетова Алима, Нұрманова Зарина, Мұсағали Айым, 5-сынып оқушылары Рамазанова Аружан, Уранаева Мариям, Совет Нұрдәулет, Жамалхан Жансезім қатысты.
Байқауға қатысушылардың барлығы да асқан жауапкершілікпен қарап, аса жоғары дайындықпен келгендері бірден байқалды.
Оқырмандарды ойландыратын, тәрбиелейтін, қиял әлеміне жетелейтін, жігерлендіретін, өмірге құлшындыратын кітаптар тізбегі, орынды қолданған тілдік оралымдар, көркемдік құралдар арқылы сауатты, жүйелі жеткізу мәнері тыңдаушы оқушылардың бұған дейінгі бейтаныс кітаптар әлемін тануға қызығушылығын оятты.
Байқауға қатысушылардың тек оқыған кітаптарын баяндап қана қоймай, түйген ой-тұжырымдары, бүгінгі шынайы өмірмен байланыстыруы, салыстырулары ерекше тәнті еткенін жасыра алмаймыз. Кішкене оқырмандардың тап-таза жан-дүниесін, өмірлік ұстанымдарын да танығандай болдық. Бұл байқау – барлығының көңіліне ой салған, жаманнан жиреніп, жақсыға талпындыратын, өмір сүру ережелерін үйрететін, тәрбиелейтін КІТАП атты ғажайып әлемнің құпияларын тануға шақырған шара деп айтуға болады.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены