Меню KDT
Ағымды жылдың 20 сәуірі күні «Ашық сабақтар аллеясы» облыстық педагогикалық панорамасы аясында Есіл ауданының «Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы


Ағымды жылдың 20 сәуірі күні «Ашық сабақтар аллеясы» облыстық педагогикалық панорамасы аясында Есіл ауданының «Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы  №3 Явленка орта мектебі»КММ  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі  Жакупова Әсем Жақсыбайқызы, 9 сыныпта «Бейбітшілік-жаһандық даму кепілі» тақырыбында сабақ өткізді. Орфографиялық және пунктуациялық сауаттылықтарын тексеру үшін қазақ тілімен, рухани құндылықтарды  насихаттау үшін  өзін- өзі тану сабағымен, тарихи мәліметтер алу үшін тарихпен пәнаралық байланыс тиімді болды. Оқушылар  өз ойын шынайы айтып, айтылған сынды дұрыс қабылдап  және ресурстарды орынды қолданды. «Өзін-өзі бағалау» арқылы оқушы сабақтағы белсенділігін және берілген білімді қалай меңгергенін анықтай алды. Сабаққа қатысқан педагог-сарапшылар мұғалімнің жұмысын бағалап, өз ұсыныстарын берді.


Комментариев нет
708 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 20.04.2021 в 13:23

Возможно вас заинтересует...!