«Ұлы дала мұрагерлері» тәжірибелік алаң аясында «Өркениет толқынында бала мұрагерлер» тақырыбында қалалық семинар өтті.
2021 жылдың 16 сәуір күні Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназияның ұйымдастыруымен ұлттық және мектепішілік ресурстарды пайдалана отырып, заманауи бәсекеге қабілетті орта құру мақсатында «Ұлы дала мұрагерлері» тәжірибелік алаң аясында «Өркениет толқынында бала мұрагерлер» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинарға Асыл Амангелдіқызы, Білім басқармасы Жалпы орта білім берудің мазмұны жəне əдістеме бөлімінің басшысы, Дауешова Сындар Мұратқызы, Білім беруді жаңғырту орталығы директорының м.а. және Роза Ақпанқызы, Білім беруді жаңғырту орталығының əдіскері қатысты. «Ұлы дала мұрагері» тәжірибелік алаңның бағыттары: «Алаш жолы» субъективті музей, «Ұлы дала шежіресі» тарихи-сахналық қойылымдар, «Туған жер» өлкетану, «Ұлттық қолөнер – асыл қазынам», «Намысты жастар» ұлттық ойындар, «Латын әліпбиі» жұмысы туралы мектеп педагогтары қазақ мұғалімі Ештанаев Жазыбек, Қайроллаев Нұрсұлтан, Карбоз Нағашыберген, Сеил Камшат, Хиватолда Гүлнар, Жарылгасова Жанат, Жұмашева Рабиға іс-тәжірибемен алмасты. Мектеп-гимназия директоры Баяхметбаева Күнімбала атқарылған жұмыстарға рефлекция жасап, тәжірибелік алаңның қорытындысына тоқталды. Сөз соңында тәжірибелік алаңға ат салысып, жемісті еңбек еткен ұстаздарға алғысын білдірді.

Автор: 68mektep
Добавлено: 16.04.2021 в 00:15