«2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша «Ел үміті» жалпыұлттық саясатын ұсынды. Бұл бастама аясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры дарынды балаларды анықтайтын «Қабілет», «Елбасы медалі» сынды бірнеше бірегей жобаны қолға алды. «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу тәртібі Үкімет қаулысымен бекітіліп, Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өтіп жатыр. Оның басты мақсаты - өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру. «Елбасы медалі» жобасында әрбір қатысушыға өзін-өзі дамыту үшін жеті бағыт ұсынылған: «Спорт және дене шынықтыру», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар» және «Еңбек тәжірибесі». Бағдарламаны әзірлеуде үздік әлемдік тәжірибе қолданылған. «Байқауға қатысушылар жасы 14 пен 29 жас аралығында болу - бағдарламаның негізгі шартының бірі. Мектебіміздің Сабыров Фархад- 8"Ә" сынып, Байбурина Дария -9 "А" сынып, Макишева Махаббат -10 "А" сынып және Сыздыкова Ажара - 10 "А" сынып оқушылары Елбасының төс белгісімен ресми түрде марапатталды. Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Автор: b1437skobilim
Добавлено: 19.04.2021 в 14:54