Жас мамандар онкүндігі аясында химия пәнінің мұғалімі Ногурбекова Ж.Б. және география пәнінің мұғалімі Башарова Ж.С. «Алып тұлға – Қаныш аға» атты химия мен географиядан кіріктірілген сыныптан тыс іс-шара 7— сыныптар арасында өткізді
Жас мамандар онкүндігі аясында химия пәнінің мұғалімі Ногурбекова Ж.Б. және география пәнінің мұғалімі Башарова Ж.С. «Алып тұлға – Қаныш аға» атты химия мен географиядан кіріктірілген сыныптан тыс іс-шара 7— сыныптар арасында өткізді. Бұл шара аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушысы – Қаныш Имантайұлы Сәтпаевқа арналған. Атақты ғалым: “Жеріміздің үсті де, асты да бай. Менің геолог ретінде борышым-жер астындағы қазбаны зерттеп табу, оның қорын анықтау. Ал ғалым ретіндегі міндетім- кен байлықтарын халықтың игілігіне жарату.” – деп айтқан болатын. Осы сыныптан тыс іс-шараны өткізу барысында белсенді қатысып отырған окушылар: Қорғанбай Жайық, Манасбекова Жансая, Қапез Сабина, Таласбек Гүлдана, Бекжанова Диана.
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 15.04.2021 в 14:22