Нұр-Сұлтан қаласының барлық мектептерін қамтыған "Абай кіші академиясы" аясында әр үш мектеп бірлесіп жұмыс жасайды. Ондағы мақсат: мектептер арасындағы байланысты нығайтып, Абай мұрасын ортақ насихаттау. Осы орайда № 78 мектеп-гимназиясы, № 38 және
№70 мектеп-лицейлерімен бірігіп, алдағы уақытқа бірнеше іс-шараның жоспарын бекіткен болатын. Соның алғашқысы "Білімдіден шыққан сөз..." атты кездесу кешін 17 сәуір күні өткізілді. Кездесу кеші - ф.ғ.к., доценті, Еуразия ұлттық университетінің ұстазы, ақын Серікзат Дүйсенғазымен өтті. Кеш барысында Абай тағылымы мен мұрасының мән-маңызы, Абай, Шәкәрім, Машһұр Жүсіп арасындағы рухани үлестік тілге тиек болып, ұлт руханиятына жасаған еңбегі айтылды. Кешке қала мектептерінің ұстаздары қатысты. Кеш өз деңгейінде өтті. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын тауып, Абай мұрасын ұрпақтар игіліне жарату жолында ізденістер жасай бермек!

Автор: 78mektep
Добавлено: 17.04.2021 в 12:12