Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның бес оқушысы бүгін салтанатты түрде табысталған Елбасы медалінің қола медаль иегері атанды. Оқушыларымыз 6 ай бойы жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Спортпен шұғылдану, өнерге бет бұру, төл мұраны дәріптеу, қайырымдылық жасау мен кітап оқудан сынақ тапсырды. Дарынды оқушыларымызға тәлімгерлік жасаған жас ұстазымыз Құбайдолла Бәйімбет Асылханұлы гимназиямыздың 6 оқушысын жігерлендіріп, жеңіске жетулеріне зор үлесін қосты.
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 14.04.2021 в 20:38