Меню KDT
«Өгей анам Жақсыбай қызы Бейіс марқұмның аруағына арнаймын», — деп авторлық эпиграф


Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі- мектеп кітапханасы. Осы замандағы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында кітап адамның ішкі жандүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасайтын рухани азық болып қала бермек. Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия кітапханасы білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ кітапқұмар ұстаздардың табылар жері.
Кітапхананың белсенді оқырманы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кулибекова Әсем Қайырғалиқызы өзі оқыған кітабімен сіздермен бөліседі.
Бүгін #ОҚЫҒАНЫҢМЕН_БӨЛІС челлендж аясында сіздерге Сафуан Шәймерденовтің «МЕЗГІЛ» повесі жайлы ойыммен бөліскім келеді.
Осы шығарманы баяғыдан бері оқығым келіп жүргенмін.
Кітапты қызыға, тоқтағым келмей, екі күнде оқып тастадым. Повесть өзінің қызықты сюжетімен мені баурап алды. Оқып отыра, басты кейіпкермен бірге оның басынан кешкен қиындықтарын сезінгендей болдым.
С. Шаймерденовтың бұл шығармасы 1964 жылы жарық көрген.
Сафуан хикая басында: «Өгей анам Жақсыбай қызы Бейіс марқұмның аруағына арнаймын», — деп авторлық эпиграфпен бастайды.
«Менің өгей шешем – ардың құлы. Адамшылықтың, кісіліктің құрбаны. Ал осы құрбандыққа мен немен жауап беруім керек. Шынымды айтсам, бұл сауалға күні бүгін де жауап таппай қиналамын. Жалғыз-ақ сол, 1964 жылдың аяқ кезінде жазылған өгей шеше жайындағы «Мезгіл» хикаясы сол сұраққа жауап тапсам бе деген ізденістен туған туынды екенін айтқым келеді», — деп автор айта кетеді.
Шынында да, қазақ әдебиетінде ана образын жаңа қырынан сомдаған халық жазушысы С. Шаймерденовтың бұл шығармасы өгей анаға деген баланың ыстық сезімдері, тірідей туған анасынан айырылуы, әкесі қайғылы жағдайда мерт болатыны жайлы.
Осы повесті барлығыңызға оқуға ұсынамын!


Комментариев нет
317 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 12.04.2021 в 18:18

Возможно вас заинтересует...!