Меню KDT
«Оқушылардың іс -әрекетін зерттеу арқылы оқыту»


вамв

🔰Бүгін, яғни 29 наурыз Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орте мектебінде «Оқушылардың іс -әрекетін зерттеу арқылы оқыту» тақырыбында Баянғали Ғалымжанұлымен семинар өтті.
🔰Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім – тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекеті дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Бүгінгі отырыста Phd докторант, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының тренері Баянғали Ғалымжанұлы «Оқушылардың іс -әрекетін зерттеу арқылы оқыту» тақырыбы бойынша мұғалімдерге әдістемелік кеңестер беріп, бағыт – бағдар көрсетті.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуына ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады», — деп тұжырымдайды. Ендеше, оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, қабілетінің дамуы, білуі мен танымдық белсенділігін арттыру – қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі болғандықтан, оқушыны жан- жақты зерттей отырып оқыту өзекті мәселенің бірі екенін айтты.


Комментариев нет
278 просмотров
Автор: 57mektep
Добавлено: 29.03.2021 в 23:30

Возможно вас заинтересует...!