Меню KDT
№ 15 мектеп-лицейінде онлайн форматында «Өмірге Ия деп айт!» акциясы өтті.


«Өмірге Ия деп айт!» акциясы аясында оқушылармен  Өмір тамаша ! Босқа қауіпке жол берме» атты тақырыпта 6-7 сынып оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел мақсаты:

  1. 1.Оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Өмір адам баласына бір-ақ рет берілетін өте қымбат сый екенін түсінуге. Асыл қасиет адам бойында болатынын түсінуге ықпал ету;
  2. Жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту;
  3. Оқушылардың өздерін жан-жақты тереңірек ашуына бағыт-бағдар беру, оқушы көзқарасын қалыптастыру.

 Бүгінгі біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы «Өмір тамаша. Босқа қауіпке жол берме!» - деп аталады. Оқушылармен ой қозғауға арналған сұрақтар қойылды.     1) Өмір,   2) Бақыт дегенді  қалай түсінесіздер?

- Өмір – ол адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый осындай сыйды саған сыйлаған кім?..............

Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата-анаң. Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек, айтады – ғой, «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың» -деп. Себебі, біріншіден ол саған «өмір» сыйлады, саған жарық дүние көрсетті, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйді, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбиелеп өсірді.

Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің.

Өз өмірің өз қолыңда! Біреуге ренжіп, біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғыны, қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа, жақсы ойлар ойлау керек. Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен тұрады.

Дөңгелек үстел соңында оқушыларға психологиялық кеңес берілді: қызықты өмір сүру үшін....

  • Ай сайын жаңа кітап оқы, оқығандарыңды көңіліңе тоқы.
  • Икемің бар іспен айналыс, (мысалы: ән айту, би билеу, шеберлік істер)
  • Әрбір демалыс күніңе жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс,
  • Ертеңгілік жаттығу жаса, сергек жүресің
  • Ата – анаңа, бауырларыңа т.б жақындарыңа көмектесіп тұр
  • Әр айдың бір күнінде өзіңді басқа біреудің орнына қойып көр, содан өзгеще ойлап, білім алуға тырыс,
  • Әр күні кешке «мен бүгін не істедім?» деп өзіңе есеп беріп үйрен;
  • Күнделік жазуға дағдылан, ол сенің ең сенімді серігің бола алады.

    

Психолог Султангалиева Д.М.

      Қорытынды психолог сөзі: бүгінгі «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме» дөңгелек үстелі аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет! Осылай өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар! Өмірлеріңді бағалап, мәнді өткізе беріңдер! Қызықты сәттеріңіз мол болсын!

Документке (көшіріп алу )


Комментариев нет
379 просмотров
Автор: 15mektep
Добавлено: 29.03.2021 в 20:58

Возможно вас заинтересует...!