← Назад к новостям
Бірінші сыныпқа қабылдау

Бірінші сыныпқа қабылдау

85mektep
29.03.2021 в 16:48
504 просм.
Нет комментариев

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды.

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:
1 Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
2 Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3 «Бала денсаулығы паспорты»;
4 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.

МАҢЫЗДЫ: 2021 - 2022 оқу жылында 1 орыс сыныптарында эстетикалық бағыттағы "Музыка", "Өзін - өзі тану", "Дене шынықтыру" және"Көркем еңбек" пәндерін оқытуда экперименттік алаң жұмысын бастайды. Осыған байланысты жоғарыда аталған пәндер мемлекеттік тілде оқытылады.

Автор: 85mektep · 29.03.2021
504
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT