Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Осы мерекеге орай мектебімізде 15 наурыз күні «Тіршіліктің басы - Әз Наурыз!» атты сынып сағаттары өтті.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Наурыз - бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы. Осы мерекеге орай мектебімізде 15 наурыз күні «Тіршіліктің басы - Әз Наурыз!» атты сынып сағаттары өтті. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру болатын. Тәрбие сағаты барысында сынып жетекшілер қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, ұлттық аспаптар мен қазақтың ұмыт болған ұлттық ойындары туралы айтты. Оқушылар өздерін қызықтырған ақпараттар бойынша түрлі сұрақтар қойды. Сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын жақсы атқарып шықты
Автор: 87mektep
Добавлено: 15.03.2021 в 08:00