“ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-АСЫЛ МҰРАМЫЗ” атты қала мектептерінің ұстаздары арасында спорттық сайысы өтті
17 наурыз күні Абай шаңырағында Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған “ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-АСЫЛ МҰРАМЫЗ” атты қала мектептерінің ұстаздары арасында спорттық сайысы өтті.
Аталмыш жарысқа Жамбыл Жабаев атындағы #4 мектеп-гимназиясы, #8 мектеп-лицейі, #86 мектеп-гимназиясы, Абай Құнанбайұлы атындағы #87 мектеп-гимназиясы және “Білім-инновация” лицейі ұстаздарынан құралған командалар қатысты.
Сайыс 7 кезеңнен тұрды:
1)тоғызқұмалақ;
2)бес тас;
3)нысанаға ату;
4)қол күрес;
5)қол күрес(қыздар);
5)гір тасын көтеру;
6)арқан тартыс.
Нәтижесінде 1-орынды #86 мектеп-гимназиясы, 2-орынды #87 мектеп-гимназиясы, 3-орынды “Білім-инновация” лицейі иеленді💐💐💐
Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен арнайы мектебіміздің логотипімен белгіленген қолдан жасалған қазақи нақыштағы сөмкелер табысталды.
Қала мектептері арасында дәл осындай спорттық дода алғаш біздің мектептен бастау алып отыр. Қонақтарымыз жақсы әсер алып, өз алғыстарын білдірді.
Автор: 87mektep
Добавлено: 18.03.2021 в 10:03