
Қайырлы күн, құрметті оқушылар мен оқырмандар!
Бүгін «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» тақырыбында адалдық сағатын майкрасофт тимс бағдарламасы бойынша өткізілді.
Абай Құнанбаев –ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, қоғам қайраткері. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік , қоғамдық моральдік мәселелерді арқау етеді . Адалдықтың ақ туын ұстаған ұлы Абай жас ұрпақты адамгершілікке, ғылым –білім үйренуге шақырады. Кейбір замандастарының бойындағыжаманшылық мінездерді-жалқаулықты, еңбексіздікті, алауыздықты, надандықты мейлінше әшкерелейді. Жас ұрпақ тәрбиелі болу үшін, адам бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс екенін атап айтады. Біріншіден, баланың шыққан тегі жақсы болу керек, екіншіден , оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымдыболуы шарт, үшіншіден, балаға адамгершішік тұрғысында тәрбие берілуі қажет.
Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы.
Қара сөздері, өлеңдері, поэмасы арқылы халықтың жүрегіне жыр болып байланған қасиеті- өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу еді...
Бүгінгі «Адалдықты мұра еткен Абай » атты адалдық сағатқа 5 «А» сынып оқушылары белсенді қатысты. Асан Балнұр, Муратбекова Амина, Қадыр Әкежан, Жұмағали Назым, Омарова Диляра - Абай өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, пікір таласқа қатысты.
Абайдан ғибрат алып, өнеге үйренейік ! Адал ұрпақтарымыз көп болсын!
Автор: 57mektep
Добавлено: 26.03.2021 в 09:20