Меню KDT
Сәрсенбі күні,яғни 17 наурыз күні 11сынып оқушылары арасында"Береке" ықшам ауданының "Мухсит" мешітінің Аблай имамының қатысуымен «Имандылық – ізгілік негізі» атты имандылық сағаты өтті


Сәрсенбі күні,яғни 17 наурыз күні 11сынып оқушылары арасында"Береке" ықшам ауданының "Мухсит" мешітінің Аблай имамының қатысуымен «Имандылық – ізгілік негізі» атты имандылық сағаты өтті.
Аблай имам біздің оқушыларға
 Иманды адам - сабырлы,мейірімді, әдепті ,қамқоршы,төзімді,шыншыл, отансүйгіш,арлы болуы керек деп түсіндірді.
Мұсылмандық дүние таным бойынша имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған деп айтты.



Комментариев нет
318 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 17.03.2021 в 09:01

Возможно вас заинтересует...!