Меню KDT
Құтты болсын - Наурыз!

https://www.facebook.com/100022787363950/videos/928051687964401/


«Наурыз –жыл басы»
Еліміздің наурыз мейрамын тойлау мақсатында бекітілген жоспарына сай мектептің әрбір оқушысы және қызметкері ерекше көз қараспен қарады .
Осыған орай шығарылған мектептің жоспары бойынша әрбір ұстаз оқшылармен сонау ата –бабалардан келе жатқан дәстүрімізді дәріптеуге келе жатқан болашаққа үлгі етіп көсету мақсатында іс –шараларға бөленді .
14 наурыз – «Көрісу күні» дайындалған салт –дәстүр бойынша ауылдар арасында келін түсіріп бір –бірімен көрісу .
15 наурыз «Жайлау» Оқушылардың «Табиғат–қандай тамаша» «Жасыл жайлау» атты суреттер сайысы.
16-17наурыз «Шежіре күні» және «Тарихқа тағзым күні» мектептің тарихына кеңелу бастауыш сыныптармен мектеп тарихына кеңелу. «Шежіре деген не ? «Жетті атта» туралы баяндамалар өткізілді
Наурыз мерекесінің «Игі істер күні» және «Шымырлық пен шеберлік күні» іс -шараларына орай мектеп оқушылары және дене шынықтыру пәні ұстазы С. О.Бекжанов тоғызқұмалақ ойының жарысын өткізді.
Ал игі істер бойынша оқушылар үйде ұлттық тағам дайындығын жүргізіп аналарына көмек беріп , ас мәзірі дайындады. Осыған орай 6 сынып оқушысы Жагипарова Гульдария облыстық «Қазақтың ұлттық тағамдарын дайындаймыз» атты отбасылық бейнероликтер сайысының қатысушысы болды.


Комментариев нет
269 просмотров
Автор: b0317skobilim
Добавлено: 20.03.2021 в 00:18

Возможно вас заинтересует...!