Меню KDT
"Елбасы медалі" жобасы



2020 жылдың шілде айынан  бастап "Елбасы медалі" жобасы жарияланған болатын. Бағдарлама мақсаты өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру. «Елбасы медалі» жастардың тек білімінің және табысының символы ғана болып қалмайды, сонымен қатар  зерек, дарынды, қабілетті,  алға  қойған мақсатына жете білетін жастарды қолдайды. «Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі  бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған. Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді. Осы жобаға Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары мен жас мамандары қатысуда. Бүгінгі таңда "Елбасы медалі" бағдарламасының қола медаль иегерлері 11-сынып оқушылары Тулегенова Дана, Сыздық Аружан, мұғалімі: Калижанова Карлыгаш Турсунбековна және 10-сынып оқушысы Болат Жанель, мұғалімі Садвакасова Майра Удашкеевна. Білімді де дарынды оқушыларымыз көп болсын.

 





Комментариев нет
293 просмотров
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 18.03.2021 в 11:30

Возможно вас заинтересует...!