Меню KDT
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама


15 наурыз қалалық «Достық» үйінде Елбасы меделі иегерлерін салтанатты түрде марапаттау өтті. Сафуан Шаймердеов атындағы қалалық классикалық гимназияның 10-сынып оқушысы Ашимова Меруерт Елбасының қола медаль иегері атанды. «Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Қатысушылар 6 ай бойы жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Спортпен шұғылдану, өнерге бет бұру, төл мұраны дәріптеу, қайырымдылық жасау мен кітап оқудан сынақ тапсырды.
Осындай тағылымды жобада жеңіске жеткен дарынды оқушымызды құттықтап, алдағы белестерден де биіктен көрінуге тілектеспіз.


Комментариев нет
261 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 16.03.2021 в 15:13

Возможно вас заинтересует...!