Меню KDT
Театр — көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ


2021 жылдың 12.03 күні №15 мектеп-лицей оқушылары мен мұғалімдері Қайырбек Қуанышбаев атындағы театрға барды.

Театрда Шыңғыс Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күн" деп аталатын драмасын тамашалады. Қолдан жасалған мәңгүрттік кезеңінен бастап, Сталиндік қуғын-сүргін уақыты да анық суреттелді.



         Роман түлкінің темір жол бойындағы тіршілігін сипаттаудан басталады. Ұланғайыр Сарыөзектің Боранды разъезінде қырық жылдан астам уақыт еңбек еткен Қазанғаптың өлімімен роман толықтай өрбиді. Сол кісінің өлер алдындағы аманаты өзін Ана Бейітке жерлеу еді…
Сол Қазанғаптың мүрдесін өзімен қатар отыз жыл бірге жұмыс істеген досы Борандының Едігесінің алдында тосқауылдар аз болған жоқ. Сондада ештенеге қарамай досының ақырғы аманатын орындауға таң атпай саптар шегеді... Оқушылар киелі сахнадан алған әсерлерін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес екендігін  және де әдебиет пен тарих пәндеріннен оқыған оқиғаларын көзбен көргендей сезімде болғандырын жасыра алмады....
 


Комментариев нет
339 просмотров
Автор: 15mektep
Добавлено: 13.03.2021 в 18:06

Возможно вас заинтересует...!