Меню KDT
Өзін – өзі тану пәнінің онкүндігі іс – шарасы өтті

Искра орталау мектебі КММ «Педагогика,Махаббат және Шығармашылық» өзін – өзі тану пәнінен онкүндік іс – шарасын өткізу есебі.


2020жылдың 2 ақпанынан 12 ақпанына дейін біздің мектепте Өзін – өзі тану пәнінің онкүндігі іс – шарасы өтті.

 Мақсаты: балалар мен жастарды рухани –адамгершілікке тәрбиелеу, олардың азаматтық мәдениетін дамыту.

Өзін – өзі тану махаббат пен шығармашылық педагогикасы балаларды жақсылық жасауға, кішіпейілділік пен мейірімділік танытуға, адамдарға махаббат пен қуаныш сыйлауға, үйретуге бағытталған. Ең бастысы оқушылардың шығармашылық қаблеттерін дамыту. Мұғалімдер, ата – аналар мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын бірлесіп орындауға бағытталған. Осы іс – шараға мектептің мұғалімдері, ата – аналары , оқушылары белсене қатысты. Белсене қатысып, өздерін жақсы корсеткен мектеп ұжымының әкімшіліктері шеттен тыс қалмады. Мектепте директорының тәрбие жұмыс орынбасары, әлеуметтік ұстаз, психолог сонымен қатар сынып жетекшілері, пән мұғалімдері белсене  қатысты. Әр кісіге жанына жақын жұмыс табылды.

Іс –шара жақсы өтті деп айтуға болады. Жалпы психологиялық атмосфера  мейірімді, жағымды болды.  Ойындар мен акцияларға тек мектеп оқушылары ғана емес, мұғалімдер де, барлық мектеп қызметкерлері де қатысты. Күн сайын оқушылар ойлау қабілеттерін  дамыта отырып сонымен қатар шығармашылықтарын көрсете алды. Тақырыптық сабақтар өткізілді.

«Өзін – өзі тану» онкүндік іс –шараның ашылуы 2 – ақпанда басталды: Осыған орай балалардың жеке чаттарға роликтер жіберілді. Өзін –өзі  тану апталығына байланысты көптеген іс –шаралат өткізілді. Іс –шараның ашылуын С.А.Назарбаеваның «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасы туралы роликтер көрсетуден бастады. Сонымен қатар  онлайн кітап көрмесі «Мейірім төгетін ана», «Мейірімділік планетада жүріп жатыр» суреттер конкурстары өткізілді. Бұл қызықты байқауға бастауыш сыныптар қатысты. «Мен өмір сүретін әлем» атты оқушылардың бейбітшілік, ізгілік және достық, туралы шығармашылық қолөнер байқауы ұйымдастырылды. 5 – 9 сынып оқушылары «Өзін – өзі тану» «Сиқырлы елге саяхат » атты плакаттар байқауына қатысты. Онкүндік аясында  2 – 9 сыныптар аралығында «Қайырымды істер күнтізбесі» ақциясы өткізілді, сондай – ақ біздің мектептің оқушылары «Мейірімділік әлемді құтқарады» бейне сурет конкурсына, «Рухты батыр»  презентация және коллаж конкурысына қатысты.

2 – 9 сыныптар аралығында Сара Алпысқызының туған күніне орай өзін – өзі тану пәнінің мұғалімдері, сынып жетекшілері Сара Алпысқызының қоғамдық іс –әрекеті «Қоғамға қызмет ету» ұғымының мәні мен мағынасын ашу, оқушылардың қоғамдық – пайдалы іс әрекетінің нәтижелерін талдау бойынша сынып сағаттары өткізілді. Апталықтың соңғы күні мектеп мұғалімдері арасында акция өткізді: «Мейірімді жүректер -достастығы», «Қазақстан – мейірімділік аумағы»мектептің барлық оқушыларына мектеп – жазу құралдарын табыстаумен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Жеңіске жеткен оқушыларға мақтау қағаздары табыс етілді. Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімдері «Өзін – өзі тану», махаббат пен шығармашылық педагогикасы апталығына қатысқандары үшін барлық қатысушыларына алғыстарын білдірді.

Өзін – өзі тану –педагогика, махаббат пен шығармашылық  онкүндігінің нәтижесі балаларды іс – әрекет дағдыларына үйрету , өзін – өзі ұйымдастыру, коммуникативті дағдыларын дамыту, мектеп ұжымын біріктіру, жалпы көңіл – күйді көтеру, балалардағы жағымды өзін –өзі бағалауды дамыту, сөдер мен іс –әрекеттерінде мейірімділік көрсетуге ұмтылу және басқаларға мейірімді, сезімтал қатынасты тәрбиелеу.

 

Өзін – өзі тану пән мұғалімдері: Нургалиева З.Ж, Лещукевич И.А


Комментариев нет
218 просмотров
Автор: b0819skobilim
Добавлено: 16.02.2021 в 23:46

Возможно вас заинтересует...!