«Ана-асыл жан»
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген - бәйтерегі өмірдің.
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген - асыл жандар болаттай
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсанда қарызынды өтей алмайсың . Ананың қадірі жоғары , ана ол әр адамның жақын жандардың бірі. Әр адам баласы туғанда ең алғашқы айтатын сөзі – ана.Туған баласын көтеріп , өсіріп өмір жолын нұсқаған ананың махабатты шексіз. Ол өзі көрмеген өмірдің бар қызығын балаға сыйлағысы келетін сөз жетпейтін қадірлі, үлкен жүректі адам. Сондықтанда ананды құрметтеу, қадірлеу әр адамның парызы.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены