«Ата-аналарға интернет желісі бойынша психологиялық кеңестер»тақырыбында оқушылардың қауіпсіздігінің алдын алу барысында 4-11 сынып оқушыларының ата-аналарына өткізілді
Жиналыс барысында қашықтықтан оқыту кезіндегі интернет желісіндегі балалардың ақылы ойындармен ойнап, кіріп кетпеуін, әр ата –ана өз бақылауында ұстап, көмек беруіне, психологиялық кеңес, бағыт-бағдар беріледі. Ата-аналарға алдын ала қашықтықтан оқыту кезінде жасөспірімдердің интернет желісіндегі ақылы ойындар, сайттарға кіруін анықтау мақсатында сауалнама берілгендігін баяндады.
Мектеп педагог-психолог: Шонаева Баян Сериковна
4, 5, 6,7 сынып оқушыларының ата-аналарына «Интернет желісіне психологиялық кеңес беру» мақсатында тақырыбында өткізілді.
Негізгі бөлімде ата-аналарына педагогикалық-психологиялық тұрғыда қалай көмек беруге болатындығын слайд арқылы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Ата-аналарға жаңа көз қараспен тәрбиелеу үшін, үлкендер жағы өздерін тексеріп, баланың келешегіне қажетті ендігі тәрбие, интернет желісінде ақылы ойындар, түрлі сайттарға кірмеуін қадағалап отырулары туралы, баланың саналы түсінігіне сенім көрсете отырып, өзара қарым-қатынасты нығайтып, интернет желісінде белгілі бір уақытта ғана отыруына мән беру туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға сынып жетекшілермен тығыз байланыста болып жұмыс жүргізу жұмыстары түсіндірілді.Сонымен қатар, психологиялық көмек ретінде кеңестер айтылды.

Автор: 58mektep
Добавлено: 19.02.2021 в 11:41