← Назад к новостям
Қазақстан- құқықтық мемлекет!

Қазақстан- құқықтық мемлекет!

b0136skobilim
26.02.2021 в 16:01
795 просм.
Нет комментариев

Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оның ішінде оқушылардың заң талаптарын сақтауға, білім беру және мәдени деңгейін арттыруға ұмтылысын қалыптастыру мақсатында "Адал Ұрпақ"ерікті клубы жұмысын жалғастыруда. Жоспарға сәйкес, ақпан айында мектепте "Біздің таңдауымыз — құқықтық мемлекет"атты дөңгелек үстел өткізілді. Қатысушылар 7 сынып оқушылары болды. Оқушылар ҚР Конституциясымен, Бала құқықтары туралы Конституция баптарымен, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерімен танысты. Тапсырмалар мен сұрақтар азаматтықты, патриоттық сезімді, өзін-өзі бағалауды дамытуға қызмет етті. Сондай-ақ балалар негізгі мақсаттар мен міндеттерді талдап, анықтауды үйренді.

Автор: b0136skobilim · 26.02.2021
795
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT