Меню KDT
«Ауыл-қала» жобасын жүзеге асыру мақсатында ZOOM платформасы арқылы онлайн отырыс өтті.


Бүгін 23 ақпан күні Облыстық білім басқармасының басшысы Каримова Гульмира Раимбековнаның қатысуымен қала және аудандық білім бөлімдерінің басшылары арасында «Ауыл-қала» жобасын жүзеге асыру мақсатында ZOOM платформасы арқылы онлайн отырыс өтті. Отырыс барысында ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтық мәселесін, оқушылардың білім кемшіліктерін жою шаралары талқыланды. М.Қозыбаев атындағы СҚУ-нің әдіскері Таласпаева Ж.С. кәсіби бағдар бойынша мәлімет беріп, университеттің жоғары курс студенттері «Еріктілер клубы» жұмысының аясында білімдерінде кемшіліктері бар оқушыларға өздерінің көмектерін ұсынып отырғаны жайлы ақапарат беріп өтті. Мектебіміздің директоры Сауле Нургалиевна ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтық мәселесі, сонымен қатар ауылдағы әріптестерге әдістемелік көмек беру мақсатында СҚО Уалиханов аудандық білім бөлімімен бірлесіп онлай түрде семинар өткендігі туралы атап өтті. Осы аудан орталығына қатысты мектептерге математика,тарих,қазақ тілі,физика,билогия,бастауыш сынып мұғалімдерімен тәжірибе алмасты.
Семинардың негізгі мақсаты: «Ауыл-қала» жол картасында белгіленіп кеткен алшақтықтарды жойып, ауылдағы әріптестерімізге әдістемелік көмек беру.
«Teams» платформасындағы заманауи сілтемелер арқылы қашықтық сабақтарғға дайындалудың оңай жолдарымен тәжірибе алмасты. Осындай жұмыстар арқасында Уалиханов аудандық білім саласында жұмыс істеп жүрген әріптестерімізден үлкен әсерлі кері байланыс та алынды. Жұмысымызға жақсы баға берілді.




Комментариев нет
247 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 23.02.2021 в 11:43

Возможно вас заинтересует...!