Меню KDT
«Әдебиетіміздің зор тұлғасы» атты көрме жасалды


ҚР Үкіметінің қаулысымен 2015 жылы 23 ақпанда қалалық классикалық гимназияға Қазақстанның халық жазушысы, драматург Сафуан Шаймерденовтің есімі берілді. Жерлесіміз 1996 жылы осы білім мекемесінің ашылуына ұйтқы болды. Ол қазақ балаларының ана тілінде тәрбие-білім алғанын армандаған азаматтардың бірі. Нар тұлғаның сол арманы орындалып, алтын ұядан қаншама түлек қияға самғады.
Осы атаулы күнге арналып гимназия кітапханасында «Әдебиетіміздің зор тұлғасы» атты көрме жасалды. 5-сынып оқушыларымен Сафуантану кабинетіне эскурсия-сабақ ұйымдастырылып, оқушылар жазушы жайлы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, оқушылар Сафуан Шаймерденовтің шығармаларын зерттеу барысында жазған ғылыми жобаларды, авторлық бағдарламаны қызығушылықпен қарап шықты.






Комментариев нет
164 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 24.02.2021 в 11:53

Возможно вас заинтересует...!