Нұр-Сұлтан қаласы Мәшһүр Жүсіп атындағы № 57 орта мектебінде 28.10.2020 жылы 10-сыныптар арасында «Заң және сен, менің құқықтарым» атты пікірталас өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге және саяси сауаттылыққа баулу;
Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту;
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Кіріспе сөзді мектебіміздің әлеуметтік педагогы Кульбабенова А.Е бастап, оқушыларға құқықтық тәрбие және балалар құқықтары туралы конвенция жөнінде мәлімет берді. Келесі сөз кезегін тарих пәні мұғалімі Сапарбаева А.Ж құқық, заң туралы ақпарат берді.
Мектеп инспекторы Аманкулов М.Д ««Құқық-әділет пен парасат жолы» тақырыбында баяндама жасады. Оқушылар осы тақырып бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Оқушылар осы суреттер бойынша құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріп өз ойларын ортаға салды.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены