Меню KDT
Психология және әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері бойынша оқушылардың ғылыми жобаларының облыстық конкурсы


 
2021 жылғы 18-19 ақпанда онлайн форматта Психология және әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері бойынша оқушылардың ғылыми жобалары байқауының (облыстық) екінші кезеңі өтті. Ұйымдастырушысы "Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылды.
Байқаудың мақсаты: балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуеті мен танымдық қызығушылықтарын ынталандыру және жоғары сынып оқушыларының гуманитарлық білім сапасын арттыру, олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқау форматы 7 номинация бойынша жұмысты қарастырды:
- «Өзіңізді таныстыруға рұқсат етіңіз-мен»;
- «Мен және менің мектебім»;
- «Мен және менің отбасым»;
- «Мен және қоғам»;
- «Мен шешім ұсынамын»;
- «Мен және менің болашағым»;
- «Бұл мен үшін қызықты".
Байқауды өткізу барысында біздің мектептен қалалық кезеңге 4 ғылыми жоба қатысып, 4-де 1,2,3 орындармен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алған болатын. Облыстық кезеңнің қорытындысы:
«Мен және менің отбасым» номинациясы бойынша 1-орын-Тахметова Дамира. Жетекшісі-Ногурбекова Жанар Бакуовна;
«Мен шешім ұсынамын» номинациясы бойынша 3-орын- Сабыров Фархад, Кожакова Аружан. Жетекшісі-Абдразахов Нұрсейіт Абдурашитович;
«Өзіңізді таныстыруға рұқсат етіңіз-мен» номинациясы бойынша 3- орын-Байбурина Дария. Жетекшісі-Сейткалиева Аткүл Габдурахмановна.
«Мен және қоғам» номинациясы бойынша Жоламан Елдана, Макишева Махаббат қатысушы сертификат. Жетекшісі-Таласпаев Айболат Шегебаевич.


Комментариев нет
301 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 19.02.2021 в 12:05

Возможно вас заинтересует...!