Меню KDT
2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №45 «2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерін өткізу туралы» бұйрығын орындау мақсатында 2021 жылғы 8-12 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі (бұдан әрі – Олимпиада) өткізілді, оған қала оқушыларынан 1000 астам оқушы қатысты.
Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.
Биылғы жылы Олимпиада өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, облыстық ведомствоаралық штабтың келісімі бойынша және өңірлердегі бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып онлайн тәртібінде өткізілді.
Оқушылардың олимпиадаға қатысуы кезінде барынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау zoom платформасы арқылы қамтамасыз етілді. Олимпиаданың әрбір қатысушысының сканерленген, шифрланған жұмыстары, барлық тапсырмалардың дұрыс шешімдері, хаттамалар «Дарын» өңірлік орталықтарының сайтында және Петропавл қаласы білім бөлімінің саййтында жарияланып отырды.
№25 жалпы білім беретін орта мектеп бойынша 24 оқушы математика(1 оқушы), физика (2 оқушы), химия (2 оқушы), биология (2 оқушы), информатика (1 оқушы), география (3 оқушы), қазақ тілі мен әдебиеті (3 оқушы), орыс тілі мен әдебиеті (2 оқушы), Қазақстан тарихы (3 оқушы), құқық негіздері (2 оқушы), ағылшын тілі (3 оқушы) пәндері бойынша қатысты. Мектеп бойынша жалпы 20 оқушы 1,2,3 орын және Алғыс хаттармен марапатталды. Марапаттар бойынша: 3-орын-8 оқушы, 2 орын-7 оқушы, 1 орын- 2 оқушы, Алғыс хат-3 оқушы.


Комментариев нет
278 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 12.02.2021 в 11:44

Возможно вас заинтересует...!