Есеп
2020-2021 оқу жылының математика информатика физика пән апталығын өткізу туралы
Есеп
2020-2021 оқу жылының математика информатика физика пән апталығын өткізу туралы
Оқу материалын сәтті игеру үшін, оқушылардың қызушылығын арттырудың маңызы зор. Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – пәнге деген қызығушылықтарын дамыту. Математика сабағына қызығушылық таныту үшін, кейбір оқушыларға мысалдардың дұрыс жауабын табу да жеткілікті.
Бірақ кейбір оқушылар қосымша жұмыстарды шешу арқылы есепке деген қызығушылығы артады. Бұл сабақта оқушыларға тарихи мәліметтер, практикалық мазмұндағы берілетін сабақтағы шағын тапсырма.Сабақтан тыс уақытта өткізілетін пән бойынша, сыныптан тыс жұмыстар.
Өткізу формалары әр түрлі болуы мүмкін: сөзжұмбақтар, викториналар, ең жақсы математикалық ертегіге конкурстар, есептер, шығарылым газеттер, математикалық зияткерлік ойындар және тағы басқалары.
5-9 сынып оқушылары үшін, біздің мектепте математика информатика және физика пән апталығын өткізу жақсы дәстүрге айналды.
2021 жылдың 25 - 29 қаңтар аралығында информатика математика және физика апталығы өтті
Пән апталығының мақсаты: Математика пәндерін меңгеруге ынталандыру және ой өрісін кеңейту үшін жағдай жасау.
3.Ұжымда жұмыс істеуді қалыптастыру, қарсыластар арасында достық сыйластық қарым - қатынасты құру.
Апта бойы физика, математика және информатика тақырыбында физика, математика және информатика мұғалімдері өз сабақтарында презентация, бейнесюжет және шағын бейнефильмдерді көрсетті.
7-9 сыныптарда бірінші күннен бастап, «Физика пәнінен қызықты тәжірибелер»
(мұғалім Ильясов Т.М ). 7-9 сынып оқушыларымен физика және информатика пәндері бойынша «Менің ойыным», «Физика біздің айналамызда» зияткерлік ойындарға қатысып, сөзжұмбақтар шешті
Ағылшын тілінде физика пәні бойынша викториналар өткізді.
Апта бойы 5-6 сыныптарда математика пәні бойынша көптеген іс –шаралар және ойын сабақтары: «Кім миллионер болғысы келеді?», «Математика елі қандай керемет және күрделі» өткізілді. (Осадчая О.А.).
Оқушылар өздеріне керекті мағлұматтарды меңгерді және қызықты есептер шығарды 7 сыныпта оқушылары «100 және 1» зияткерлік ойыны өтті.
«Ой, осы математика!» көрмесі кітапханада бір апта бойы жұмыс жасады. Қызықты және танымды көп кітаптармен оқушылар таныса алды. (кітапханашы Ербатырова М.А)
9- сынып оқушылары 25 қаңтарда «Математикалық дәмханада» болды. (Осадчая О.А)
Ойын қатаң түрде бірақ қызықты атмосферада өтті. Оқушылардың зияткерлік ойынға белсене қатысқандарына қарап тәнті болдым, олар бар күштерімен көп ұпай жинауға тырысты. 2 команданың оқушылары жеңімпаз атанды. Стандартқа сәйкес емес есептерді практика жүзінде орындау барысында өздерінің тәжірбиелерін дамытып, жарыста ұтыскер атанды.
Оқушылар физика, математика және информатика қызықты және тартымды пән екеніне көз жеткізді.
Ұйымдастырушы мұғалімдердің арқасында бөлінген уақытқа сәйкес үлгеріп, барлық белгіленген іс –шаралар жақсы қарқынмен өтті.
Әдістемелік бірлестіктің барлық мүшелерінің үйлесімді жұмысының арқасында, пән апталығының негізгі мақсаттары мен міндеттері нақты және уақытылы жоспарлаудың арқасында қол жеткізілді.
Математика физика және информатика пәндерінің апталығын қорытындылай келе, келесі жағымды аспектілерді атап өткен жөн.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены