Мектепте COVID-19 алдын алу және бақылау бойынша өткізілган іс-шараларға ақпарат
Мақсаты:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
2019 жылғы желтоқсан айында пайда болып, бүгінде дүние жүзін дүрліктіріп тұрған коронавирустың ресми атауы – Covid-2019. Індет коронавирус мәселелері бойынша жұмыстар жүре бастады.
2021 жылдың ақпан айында мектебімізде 1-11 сынып оқушылары мен ата-аналар арасында COVID-19 алдын алу және бақылау бойынша іс-шаралар өткізілді.
- 02. күні «Отбасы - тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы» атты ұранмен «Covid-2019 коронавирусынан сақтану шаралары» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.Осы іс-шараға мектеп медбиексі Сандуғаш Кырыкбаева және "Медикер" орталығының балалар дәрігері Ускенбаев Талгат, түлегіміз дәрігер Қаржаубаева Айкерімдер қатысып, оқушыларға дәріс берді және де видеороликтер көрсетілді.
- 02. күні «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларарасында сұрақ-жауап са,аты өтті. Оқушылар видеороликтер көрді.
- 16 ақпан күні «Коронавирустан сақтану жолдары» атты 5-7 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында әңгіме сағаты өткізілді. «COVID-19» коронавирусынан сақтану шаралары айтйлйп, талқыланды.
- 02. күні «Коронавирусқа жол ЖОҚ!» атты 1-4 сынып оқушылар арасында суреттер сайысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жақсы салған, өз суреттерін қорғай білген Маханбетәлі Інжу, Жұмағали Елнұр, Таниева Әсель, Медетбекова Арайлым атты оқушыларға мақтау қағаздары табыс етілді.
18 ақпан күні «COVID-19-дың адамнан адамға берілуінің алдын алу» тақырыбында 8-9 сынып оқушылары Эссе жазды.
Ссылка на видео (скачать здесь )
Автор: 15mektep
Добавлено: 19.02.2021 в 14:40