С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясында «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауыш сыныптар апталығы аясында 18 ақпан күні 3 «А» сыныбының кезекші және қашықтықтан оқитын топтарында «Арманым – Ғарышкер болу» атты сынып сағаты өтті. 2021 жылы тұнғыш қазақ ғарышкердің ғарышқа ұшқанына 30 жыл және қазақ қаһарманы, алғашқы ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров 75 жасқа толады. Сынып сағатында оқушылар Тоқтар Әубәкіровтың өмірбаянын және кәсіптік жолын талқылады. Тоқтар Әубәкіровтың ғарышты зерттеуде қосқан үлесіне тоқталып әр оқушы өз ойымен бөлісті.


Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены