
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия кітапханасында кітапхана меңгерушісі Ырысжан Бекенқызының ұйымдастыруымен "Кітапты махаббатпен сыйлаңыз" атты акция өтті. Бұл мерекенің мақсаты: оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру, кітапты насихаттай отырып, оқушыларды кітап оқуға тарту.
Акцияға биылғы жылдың түлектері мен сынып жетекшісі Кусаинова А.Қ. белсенділік танытты. Кітаптарды сыйға бере отырып, бұл игі іске өздерінің тұжырымды ойларын білдірді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены