Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған онлайн семинар
Әдістемелік жұмыс орталығы онлайн форматта «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» тақырыбында СҚО қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған семинар (9-сыныпты қорытынды аттестаттау бойынша) өткізді. Аталған іс-шараға 100-ден астам педагог қатысты. Семинарды әдіскер Ә.Қ.Есімсейітова ұйымдастырды, тапсырмаларды құрастыру бойынша техникалық ерекшеліктерді түсіндіруді Ж. С. Қаржауова, А. Ж. Есқалиева жүргізді.
601
0



