«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігі басталды
«Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-де 02.02-12.02.2021ж аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігі басталды. Онкүндіктің мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Онлайн режимде салтанатты жиындар өткізіліп, Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның өмірі мен еңбектері жайлы көрме ұйымдастырылды.
348
0



