← Назад к новостям
Жүз жасаған бәйтерегім-Жамбылым, жол көрсетер жырдың нағыз даңғылы!

Жүз жасаған бәйтерегім-Жамбылым, жол көрсетер жырдың нағыз даңғылы!

b1428skobilim
15.02.2021 в 10:09
216 просм.
Нет комментариев

С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия кітапханасында 5-сыныптармен Жыр алыбы Жамбыл Жабайұлының 175 жылдығына арналған "Жүз жасаған бәйтерегім-Жамбылым, жол көрсетер жырдың нағыз даңғылы!" атты танымдық конференция өтті. Танымдық конференцияның мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру болатын. Конференция барысында оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Қайырғалиқызымен ақынның өмірі мен шығармашылығына, айтыскерлігіне және оның өлеңдеріне талдау жасады. «Жамбыл баба, мәңгі бірге қазақпен» атты бөлімінде ұлы ақынға арнап өлең шығарды. Кітапхана меңгерушісі Ырысжан Бекенқызы жаңа көрмемен таныстырып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.



Автор: b1428skobilim · 15.02.2021
216
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT