Меню KDT
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.
Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау, т.б.


 Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы Бас ассамблеясы жыл сайын азаматтық қорғанысқа арналған айлық өткізеді, ол биыл «Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс» ұранымен өтуде.
«№ 12 балабақша - бастауыш» мектеп» кешені» КММ-де «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне» орай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Азаматтық қорғаныс» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Оқушылар «Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік өлең» тақырыбында бейнебаяндар түсірді, «Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік сурет» тақырыбында суреттер салды.





  


Комментариев нет
136 просмотров
Автор: 12mektep
Добавлено: 15.02.2021 в 11:04

Возможно вас заинтересует...!