Меню KDT
Жас және болашақ басшыларды оқыту

Ағымдағы жылдың 14 маусымында «Березка» лагерінің базасында СҚО Білім басқармасы ұйымдастырған семинар шеңберінде облыстың мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының жас басшылары мен кадр резервке оқыту өткізілді. Қамқоршылық кеңестерді ұйымдастыру және олардың қызмет мәселелері бойынша тыңдаушылар алдында Білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Б.К. Ахметова сөз сөйледі. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің қызметі құрылатын негізгі нормативтік құжат талданды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары».


Ағымдағы жылдың 14 маусымында «Березка» лагерінің базасында СҚО Білім басқармасы ұйымдастырған семинар шеңберінде облыстың мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының жас басшылары мен кадр резервке оқыту өткізілді. Қамқоршылық кеңестерді ұйымдастыру және олардың қызмет мәселелері бойынша тыңдаушылар алдында Білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Б.К. Ахметова сөз сөйледі. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің қызметі құрылатын негізгі нормативтік құжат талданды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары». Қамқоршылық кеңестердің өкілеттігіне мектеп директоры лауазымына кандидатураны келісу кіруіне байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары» деген басқа да нормативтік құжат назарға алынды. Жас басшылары мен кадрлық резервтің оқытуы интерактивті түрде өтті. Семинар барысында ағымдағы жылдың мамыр айында бақылау департаменті өткізген Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының талаптарына сәйкес келуін Солтүстік Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестердің қызметіне мониторинг жүргізу материалдары пайдаланылды. Тыңдаушылар ұсынылған тапсырмаларды орындап, қамқоршылық кеңестерінің құрамын қалыптастыру бөлігінде үлгілік қағидаларға сәйкессіздік пен бұзушылықтарды анықтай алды. Жас және болашақ мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшылары командада жұмыс істей білу, , ақпаратты талдау, өз бетінше іздеу арқылы жағдайды дұрыс шешу қабілеттерін көрсетті.


Комментариев нет
54 просмотров
Автор: astana_bas2
Добавлено: 29.06.2019 в 13:50

Возможно вас заинтересует...!