Рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аясында жыл сайын өткізіліп отыратын Республикалық «Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі 2 ақпанда басталып бүгін, 12 ақпан күні өз мәресіне жетті. Осы онкүндік барысында орта білім беру мекемелерінің бәрі өздерінің шама-шарқына қарай бекітілген жоспар негізінде әртүрлі іс шаралар өткізіп жатты. Осы онкүндіктің соңғы күні, Нұр-Сұлтан қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей мен Қарағанды қаласындағы Ә. Бөкейхан атындағы жалпы орта білім беретін орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Риясыз қызмет – жақсылыққа жетудің көзі» атты тақырыпта Республикалық оқушылар арасындағы онлайн-семинар өткізілді.

Аталмыш семинарды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Білім беруді жаңғырту орталығы" МКҚК әдіскері Назарбаева Анар Амантайқызы мен Қарағанды қаласының «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойыншаПҚ БАИ аға оқытушысы, п.ғ.м., Кәкенова Дидар Берікқызы екеуі ізгі тілектері мен құттықтау сөздерін айтып ашып берді.
Семинар барысында оқушылар «Риясыз қызмет – жақсылыққа жетудің көзі» деген тақырыпты әр қырынан, әртүрлі деректерді тілге тиек ете отырып терең ашып, өз ара пікір алмасты.
Семинарда өте қарапайым, шағын әңгіме, әдеби шығармалар және осы заманда өзімзбен қатар өмір сүріп Жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеп жүрген рухани тұлғалардың өмірін үлгі ету арқылы риясыз қызмет етудің хикметі талданып түсіндірілді. Сонымен қатар риясыз қызмет етудің адам өміріндегі маңыздылығын Абайдың философиясымен түсіндірген оқушылар да болды.
Оқушылардың семинарға тыңғылықты дайындықпен келгені және тақырыпты терең түсініп, тыңдаушыларға өз ойларын еркін жеткізіп, жүрек көзін ашатындай сәулелі ой түйіндей алғандары тыңдаушылардың да, ұйымдастырушы ретінде біздің де көңілімізге қуаныш ұялатты.
Семинарға тыңдаушы ретінде Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларынан бөлек еліміздің басқа аймақтарынан да қатысушылар болды.
Семинар соңында шәкірттерімізге білім күштерің мен рухани қуаттарың құстың қос қанатындай бірдей дамып, риясыз қызметтеріңмен елімізді жарқын болашаққа жетелейтін жетекші болыңдар деген тілекпен тарастық.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены