"Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған"
"Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған", деп қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы өзі айтып кеткендей оның шығармашылық мұрасының өміршеңдігіне және асыл сөздерінің жастарға ғұмырлық азық екеніне бүгінгі күні анық көз жеткізе алдық. Әл-Фараби мектеп-лицейінде кеше директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зәуреш Мейрамқызы мен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары педагогикалық колледждің 3 курс студенттері ұйымдастырған шара ұлы ақынның поэзиясы мен өмірінен сыр шертті. Студенттер хакім Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, ол туралы түрлі ғылыми деректерге тоқталды. Мектеп оқушылары да бұл шараға үлкен дайындықпен қатысқанын айтып өткен жөн. Шәкірттер өз кезегінде Абай Құнанбайұлының өмір жолынан мағлұмат берді.




Автор: b1416skobilim
Добавлено: 12.02.2021 в 16:03