2018 жылғы 21 – 29 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының Aққайын (Астраханка ОМ), Есіл (Волошинканың ОМ), Maмлют (Белое ОМ), Ғабит Мүсірепов атындағы (Калиновска ОМ), Тайынша (Ясная Поляна ОМ) аудандарының білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің отырыстарына бақылаушы ретінде қатысты.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы және мектеп директоры немесе олардың оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларының атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды.
Қамқоршылық кеңестердің шешуге қатысты мәселелері әр түрлі болды: материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру мекемелерінің ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу, «жақсы» және «үздік» бағаларына оқуын бітірген оқушыларға, спортшыларға және белсенділерге стипендия беру үшін бюджеттен тыс қаражатты тарту, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, «Ақылдылар» акциясын, мектептік конкурстар, жарыстар, викториналар, мерекелер, мұражайларға, ойын-сауық орталықтарына экскурсия ұйымдастыру және өткізу, дарынды балаларға және жетім балаларға қолдау көрсету, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету.
БСБД қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығымен Қамқоршылық Кеңестің жұмысын ұйымдастырудың Үлгілік қағидаларына еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктемелер берілді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены