Меню KDT
"Қазақ жырының құдіреті" Фариза Оңғарсынова


"Қазақ жырының құдіреті" Фариза Оңғарсынова.
9 ақпан күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда қазақ тілі мұғалімі Нұргүл Бүркітқызы, кітапханашы Ырысжан Бекенқызы 9,10 сынып оқушыларымен жыр дүлділі, ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай "Мұқағали- мәңгілік ғұмыр"атты әдеби сабақ ұйымдастырды.
Мақсаты: М.Мақатаевтың өмірін және шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, оқушыларға мағынасын ашуға, жеткізе білуге тәрбиелеу.
10 "А" сыныбының оқушылары Иманбай Алина, Жасұлан Ерболат ақын туралы ақпараттық топтама жасап, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы терең талдау жүргізді. Мұрзахметова Жансая өзінің сүйікті өлеңі "Үш бақытымды" "Екі жақты күнделік" әдісімен талдап, ұсынды. Оқушылар бірі-біріне сұрақ қойып, ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша қызығушылықтарын көрсетіп, ақиық ақынға байланысты өздері де білетін қызықты мәліметтермен бөлісті. Ақынның әр өлеңінде өмірлік мағына бар болғандықтан, оқырманға, оқушы мен ересек адамға болсын өлеңдері қонымды, жадымызда мәңгілік сақталатыны сөзсіз. Мұқағали- жастардың сүйікті ақыны. Оның бейнесі жылдар өткен сайын биіктеп, тұлғалана түседі. "БІР ЕЛ - БІР КІТАП" 2021 жылы жалпыхалықтық оқуға "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап"рухани-мәдени акциясы аясында Мұқағали Мақатаевтың таңдамалы шығармалар топтамасына енген "Өмірдастан" шығармасын жоғары сынып оқушыларымен талқылау жоспарда.






Комментариев нет
160 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 09.02.2021 в 16:05

Возможно вас заинтересует...!