Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының Республика көлемінде өткізіліп жатқан іс-шарасы, «Сүйіспеншілік пен шығарамшылық педагогикасы» он күндігі аясында «Адам өміріндегі ең қажетті білім - өзін-өзі тану» деген тақырыпта 9,10,11 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне арналған ЕҰУ оқытушыларымен кездесу өткізілді.

Мектеп диреторы ҚР білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері, п.ғ.м., Садықова Зәуре Жақанқызы қай заманда да адам өмірінде өзін-өзі танудың өте маңызды екендігіне тоқтала отырып кіріспе сөз сөйлеп кездесуді ашып берді.
П.ғ.к., «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының профессоры, Албытова Назымгүл Пышақбайқызы Сарбон университетіндегі тәжірбиесімен бөлісті. Балалардың өте мықты, талапты, өмірлерінің өз қолдарында екеніне сенімдерін арттыратындай етіп қызықты әңгіме жүргізе білді және бүгінгі таңдағы әлеуметтік мәселелердің пайда болу тегі мен шешіу жолдарын да айтып өтті.
П..ғ.к., профессор м.а., Шолпанқұлова Гүлнар Кеңесбекқызы өзін-өзі тану Ежелгі Грекия философтарынан басталғанына тоқтлып өтті. Сонымен қатар А.Маслоудың, Сара Алпысқызының өзін-өзі тану жайында айтқан сөздерін тілге тиек етіп, тыңдаушыларға көңілге қонымды пайымдауларын жеткізе білді.
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Мәуленов Сәкен Сейітұлы профессор С.Ғаббасовтың еңбектеріне сүйене отырып адамның денесінде 12 мүшесі болатыны сияқты, жанның да 12 мүшесі бар екенін және сол жанымыздың ішкі құрылымын білу, оны қолдануға дағдылану арқылы біздің өзімізді тануымыз жүзеге асатыны жайында балаларға айтып өтті.
Оқушылар кездесу барысында айтылған әңгімелерді шынайы ықылас қоя тыңдап, рухани әңгімеден рухани азық алды.
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Оймауытова Айдана Таңатқанқызы

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены