← Назад к новостям
"Сыр-сұхбат" бағдарламасының қонағы Жеңіс Тәжібайұлы

"Сыр-сұхбат" бағдарламасының қонағы Жеңіс Тәжібайұлы

b1416skobilim
05.02.2021 в 09:28
370 просм.
Нет комментариев

Әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушылары бұл жолы қалалық Мәдениет үйінің әншісі, дәстүрлі ән өнерінің өкілі, өңірімізге белгілі өнерпаз Жеңіс Қабдолбәриевпен кездесті.


Әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушылары бұл жолы қалалық Мәдениет үйінің әншісі, дәстүрлі ән өнерінің өкілі, өңірімізге белгілі өнерпаз Жеңіс Қабдолбәриевпен кездесті. Онлайн форматта ұйымдастырылған "Сыр-сұхбат" бағдарламасы аясындағы шара "Өнерлі өрге жүзер" тақырыбында өтті.  Көпшілікке  алдымен әншінің туған жері, өскен ортасы жайлы мағлұмат берілді. Жеңіс Тәжібайұлы - Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Мәдениет ауылының түлегі. Оның өнер жолын таңдауы тегін емес. Өйткені, әншілік оған ана сүтімен, әке қанымен дарыған. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің музыка факультетін аяқтағаннан бері ол өңіріміздің мәдениетін дамытуға өз үлесін қосып келеді. Шәкірттер өнер иесі жайлы жан-жақты білгеннен кейін, оған өз сауалдарын қоя алды. Айтпақшы, кеш қонағы қазақтың қара домбырасын қолына алып, мектебіміздің ұстаздары мен шәкірттері үшін әуелетіп ән де шықрап берді. Осылайша,  бұл кеште белгілі әнші мен оқушылар арасында әдемі сұхбат өрбіді.


Автор: b1416skobilim · 05.02.2021
370
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT