Инклюзивті білім беру– білім алу барлығына да қол жетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту.
Инклюзивті білім беру– білім алу барлығына да қол жетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту. Барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
2020 жылдың қыркүйек айында біздің мектебімізде Нұрсұлтан Назарбаев «Қамқорлық» қорының қолдауымен инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Кабинеттің қолдауымен бүгінгі күні білім алуда ерекше қажеттілігі бар 6 бала оқып жатыр. Әртүрлі диагноздармен 1,2 және 4 сыныптарда. Жалпы инклюзияны қолдау кабинеті 10 баланы қамти алады және толық жабдықталған. Мектепте арнайы тереңдету курсынан өткен 2 арнайы маман (дефектолог, психолог) педагогикалық білімі бар 6 педагог-ассистент жұмыс жасайды. Балалардың бір-бірімен еркін коммуникациялық қарым-қатынаста болуы үшін әр сыныпта білім алуда ерекше қажеттілігі бар бала саны 1-2ден аспайды.
Инклюзивті білім беру– білім алу барлығына да қол жетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту. Барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Автор: 8mektep
Добавлено: 30.01.2021 в 15:43