Бүгін мектебімізде «Сүйіспеншілік пен шығарамшылық педагогикасы» тақырыбындағы он күндік аясында «Өзгеге қызмет ету – өзіңе қызмет ету» деген тақырыпта 9 сынып оқушыларымен қала мектептерінің өзін-өзі тану пәні мұғалімдері және Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Анар Амантайқызының қатысуымен ашық сабақ өткізілді.
Адам өміріндегі ең қажетті
білім – өзін-өзі тану
Б. Фонтенель
Бүгін мектебімізде «Сүйіспеншілік пен шығарамшылық педагогикасы» тақырыбындағы он күндік аясында «Өзгеге қызмет ету – өзіңе қызмет ету» деген тақырыпта 9 сынып оқушыларымен қала мектептерінің өзін-өзі тану пәні мұғалімдері және Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Анар Амантайқызының қатысуымен ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар саналы ғұмырын қазақ халқының игілігі үшін арнаған Д.А.Қонаевтің және ізгілік педагогикасының негізін салушы, жаңашыл педагог, Академик Ш.А.Амонашвилидің өмірімен танысу арқылы адам өзінің жеке басының ғана мүддесін көздемей басқалардың игілікке жетуін көздеп қызмет еткен кезде өзінің адамшылық борышын өтеп, өзінен кейінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге қалдыра алатынына көз жеткізді. Сонымен қатар адам ізгілікті шынайы ниетімен көксеген кезде кез-келген сыртқы ықпалдың бәрін де жеңіп шыға алатын мүмкіндігі бар екеніне де сабақ барысында толық сенімді болды.
Оқушылар сабақ барысында аса жоғары белсенділік танытып шығарамашылықпен жұмыс істей білді. Оқушылылардың осындай шынайы ниетіне сабақтың онлайн режімде ұймдастырылғаны да кедергі бола алмады.
Сабақ барысын экран арқылы бақылып отырған қала мектептерінің мұғалімдері балалардың белсенділігі мен әдептілігіне ризашылықтарын білдіріп тарқасты.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены