Артық ғылым кітапта...
Биылғы оқу жылында гимназия кітапханасы отандық классиктердің шығармаларымен,түрлі анықтамалықтар және ғылыми көпшілік басылымдармен, шетелдік әдебиеттермен толықтырылған болатын. Осыған орай жоғары сынып оқушыларының дәстүрлі оқу үрдісіне көшуіне байланысты кітапханадағы жаңа кітаптарға «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Танымның бар тамашасы кітапта,оларға қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа» деген ұранды басшылыққа алып, акция өткізіліп жатыр. Соның аясында жоғары сынып оқушыларына жаңа кітаптардың презентациясы ұсынылды.
Жалпы кітапханамыз оқушылар үлгі-өнеге алатын, ой өрістерін кеңейтетін көптеген құнды кітаптармен толықтырылған болатын. Мысалы: Ыбырай Алтынсарин «Өнер –білім бар жұрттар...», А.Құнанбаев «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...», «Таза мінсіз асыл сөз», З.Ахметова «Светлые дни» , Марат Ескендір Әбдешев «Қазақ портреттерінің тарихы», «Тарихи тұлғалар» т.б.
Тарихи тұлғалар кітабында Қазақ хандығы туралы, елін, жерін қалай кеңейткендігі және еркіндік, азаттық үшін қаншама ғасыр жанқиярлық жұмыс жүргізген ұлы адамдардың өмірі, ол адамдардың ел аузында қалған аңыз, әңгімелер туралы сыр шертілген.
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 02.02.2021 в 15:43