Тыңда, дала, Жамбылды!



"Жамбылдың жыр мұрасын" насихаттауда мектеп кітапханасында "Тыңда, дала, Жамбылды!" атты виртуалды кітап көрмесі өткізілді. Биыл жыр алыбының дүниеге келгеніне 175 жыл толып отыр. Жабаевтың ақындық мұрасы қазақ халқының рухани қазынасының алтын қорына енгізілді.
Қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Әуезов: «Жамбыл - біздің дәуіріміздің ең жарқын әрі дарынды әншісі», - деп жазды.
Орыс әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Николай Тихонов Жамбыл Жабаевты: «Өз халқының ар-намысы, дауысы, жүрегі мен шынайылығы» деп атады. Жыр алыбы Жамбыл атамыздың шығармалары, айтыстары біздер үшін өшпес мұра!
Автор: 90mektep
Добавлено: 29.01.2021 в 11:05